Актриса Динара Бақтыбаева қызының бір жасын атап өтті

560
Қазақстандық танымал актриса Динара Бақтыбаева қызының туған күнін ерекше атап өтті.

 Киножұлдыз тұңғышының бір жасқа толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырып, жақындарының басын қосқан.

Динара Бақтыбаева қызының туған күні қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Жас ана қызына жазба арнап, мерекелік кеш кезіндегі суреттермен бөліскен.


 "Бақытқа толы 12 ай. Өткен жылы дүниеге келіп, біздің өмірімізді нұрландыра түстің. Рахмет саған қызым. Туған күніңмен", - деп жазды өнер иесі. 


Фотолардан туған күн кешінде ерлі-зайыптылардың тек ет-жақындары болғанын байқауға болады. 


Желі қолданушылары жас ата-ананы қуаныштарымен құттықтап, кішкентай перзенттеріне өз ақ тілектерін жолдады. 


Айта кетейік, қос ғашық өткен жылдың ақпан айында некелерін қиған болатын. Алайда, үйлену тойын карантин шаралары кесірінен кейінге шегеріп тастады. 


Сонымен қатар, 2020 жылдың шілде айында Динара Бақтыбаева алғаш рет ана атанып, жолдасына қыз сыйлады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.