Қонысбай Әбіл тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

2 435

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: facebook.com/darhan.hidiraliАстанада Достық даңғылы, 13-үйдің қабырғасында белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Қонысбай Әбілге арналған ескерткіш тақта ашылды. Ақын бұл үйде 2012 жылдан 2022 жылға дейін тұрған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттары, белгілі жазушылар Төлен Әбдік, Серік Тұрғынбекұлы, Өріс Яшүкірқызы, Камал Әлпейісова, сонымен қатар Қонысбай Әбілдің отбасы мен шәкірттері қатысты.

Жиынды ашқан Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы Қонысбай Әбіл қазақ әдебиетінің қазынасын, оның ішінде айтыс өнерін барынша байытып кеткенін, сондай-ақ Астанада ұлт мәдениетінің дамуына қосқан үлесінің өлшеусіз екенін атап өтті.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.