96 жастағы бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова көрерменді тәнті етті

2 530

Фото: Видеодан алынған кадрОпера әншісі Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіде КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада әншілер үйде, дастарқан басында бірге ана туралы ән шырқағанын көруге болады. 

«Бибігүл Төлегеновамен ән айттық. 96 жасында опера дивамыздың дауысы қандай ғажап екенін тыңдап көріңіздер», – деп жазды Зарина Алтынбаева.

Бұл әсерлі көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.