Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің қатарына кірді
544
Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің бірі атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан павильоны БАӘ-нің басты павильонына жақын орналасқан "Мүмкіндіктер" тақырыптық кластерінде орналасқан. Онда келушілер Қазақстанның әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алды.
Павильонның кіреберіс аркасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген.
Ал құрылым ішінде экспозиция бірнеше аймаққа бөлінген. Қабырға орнына айналар мен экрандар орналасқан басты зал Ұлы дала аймағы деп аталды. Олар шексіз кеңістікті көрсеткісі келді, ал жасанды шөп - шексіз даланың көрінісі. Павильонда дала иісі де аңқып тұрды. Ол үшін жусан иісі бар хош иістендіргіш қолданылды.
Еліміздің павильонын жасауға 8 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.
Дубайдағы EXPO 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін жалғасты.
"Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде үздіктердің қатарында екінші орын алды. Бірінші орын - Германия, үшінші орын - Италия", - деп хабарлады ведомстводағылар.