Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Димаш өнер көрсетеді

2 550

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/Күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әнші С.Айтбаева барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.


"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйыртса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар...

"Келеді барлық әлем Астанаға, Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!”, -  деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.