Бүгін – Халықаралық қарттар күні

2 508

Фото: Pixabay.comБүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл атаулы күн жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда бекіткен. Алғаш рет бұл күн 1991 жылы аталып өтілген.

2026 жылғы Халықаралық қарттар күнінің тақырыбы – «Ұзақ өмір сүру дәуірі: ұзақ өмірге арналған жүйелерді қайта қарау». БҰҰ ұзақ өмір сүру үрдісіне байланысты денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, зейнетақы, тұрғын үй және жұмыспен қамту жүйелерін жаңа демографиялық жағдайға бейімдеудің маңызын атап өтті.

БҰҰ мәліметінше, 60 жастан асқан адамдардың саны 2025 жылы шамамен 1,2 миллиардқа жеткен. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,1 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Бұл әлем халқының шамамен 20 пайызына тең болады.

Халықаралық қарттар күні аға буын өкілдерінің қоғамға қосқан үлесін мойындауға, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға және жас ерекшелігіне байланысты кемсітушілікке жол бермеуге үндейді. Қарт адамдар отбасы мен қоғамда тәжірибесі мен білімі арқылы маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл күні аға буын өкілдеріне арналған түрлі кездесулер мен әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.