Сауд Арабиясында Қазақстан туралы кітап араб тілінде жарық көрді

261

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында араб тілінде жарық көрген «Қазақстан – дамудың 30 жылдығы» кітабы таныстырылды,- деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кітап Сауд Арабиясында Қазақстан Елшілігінің ұйытқы болуымен жарық көрді.

«30 жыл ішіндегі Қазақстанның негізгі тарихи оқиғалары сипатталған кітап барлық оқырмандарымыз үшін қызықты әрі пайдалы болады және араб тілді аудиторияға елімізді және Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін жете білуге мүмкіндік береді», - деді кітап авторларының бірі Берік Арын.

 Кітапта тәуелсіз Қазақстанның негізгі тарихи оқиғалары баяндалып, еліміздің сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы басты бағыттары сипатталған. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі мен елбасының Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру жөніндегі бастамасына жеке бөлім арналған. Сонымен қатар кітапта түрлі бағытта қазақстандық-саудиялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңдері қамтылған. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін құру, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынасты ортату жолындағы тарихи рөліне айрықша назар аударылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.