КСРО-ның «Халық әртісі» атағына берілетін үстемақы 2 есеге ұлғаймақ

447
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді, - делінген «Ашық» НҚА порталында.

Айта кетейік, қолданыстағы тәртіп бойынша мұндай құрметті атағы бар азаматтарға өз жалақысының 50% көлемінде үстемақы берілетін. Енді оның мөлшері 100%, яғни толық айлық мөлшеріне дейін көтерілмек.

Қаулы жобасын ашық талқылау 10 ақпанға дейін жалғасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.