КСРО-ның «Халық әртісі» атағына берілетін үстемақы 2 есеге ұлғаймақ
449
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге базалық лауазымдық айлығының 100% мөлшерінде үстемеақы төленеді, - делінген «Ашық» НҚА порталында.
Айта кетейік, қолданыстағы тәртіп бойынша мұндай құрметті атағы бар азаматтарға өз жалақысының 50% көлемінде үстемақы берілетін. Енді оның мөлшері 100%, яғни толық айлық мөлшеріне дейін көтерілмек.
Қаулы жобасын ашық талқылау 10 ақпанға дейін жалғасады.
Қаз
Рус






