Енді театр және концерт билеттері қымбаттайды
2 512
Қазақстанда театр, мұражайлар және басқа да мәдени ойын-сауық билеттері қымбаттайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, тарифтерге түзету енгізу “тұрақты жұмысты қолдау және қызмет көрсету сапасын арттыру” мақсатында қолға алынған.
“Атап айтқанда, бұйрықта республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың театрландырылған қойылымдары мен концерттеріне, республикалық мұражайлардың көрме залдарына бағалар белгіленді. Бұйрық 2020 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазір бағаны түзету мүмкіндігі қарастырылуда. Баға өсімі іс-шара түріне және билет санатына байланысты болады”, – делінген министрліктің желілік басылымға берген жауабында.
Ведомство өкілдері халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін баға қолжетімді болып қалатынын атап өтті.