Елімізде алғаш рет «Поттер пойызы» іске қосылды

2 257

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметіҚазақстанда электропойыз жолаушыларына арналған "Поттер пойызы" атты мәдени-ойын-сауықтық жоба іске қосылды. Бұл еліміздегі алғашқы электропойыз ішінде өтетін театрландырылған бағдарлама, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің образындағы әртістер қойылым қояды. Бағдарлама интерактивті элементтерді қамтып, балалар мен ересектерге ертегідей саяхаттың ерекше атмосферасына енуге жағдай жасайды. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.

Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылады. Пойыз "Астана-1 — Тастақ — Астана-1" бағыты бойынша (Астанадан 60 км) жүріп өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы — 2 сағат.

"Поттер пойызының" алдағы рейстері:

2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25

2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.