"Бөпеміз болғанын қалаймыз" ...

292

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ruҚазақстандық актриса Жәния Джуринская жолдасы екеуі балалы болғысы келетіндерін айтты. Өнер иесі күйеуінің өз жиенімен ойнап жатқан сәтінен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Оған қоса, киножұлдыз енесімен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді.

Жәния Джуринская жолдасының өз жиенімен ойнап жатқан сәтімен Instagram парақшасында бөлісті. 

"Біз де бөпеміз болғанын қалаймыз", - деген жазба қалдырды ол бейнежазбада. 

Желі қолданушыларының бірі актрисадан енесімен арақатынасы қандай екенін де сұрап үлгерді. Джуринская өз кезегінде бұл сауалды күйеуінің анасына жолдады.

 "Қарым-қатынасымыз қандай болушы еді? Бәрі жақсы. Сен менің жанымсың ғой", - деп жауап берді Жәнияның енесі.