Суретші Елена Рыбакинаның кілемдегі портретін жасады

2 504

Фото: instagram/assolyaaӘлеуметтік желіде Assolyaa лақап атымен танымал қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы теннисші Елена Рыбакинаның портретін ерекше тәсілмен – кілем бетіне бейнеледі, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Суретші жаңа туындысын Instagram парақшасында жариялап, дайын портретпен қатар оны жасау барысындағы кадрларды да көрсетті. Кадрлардан спортшының бейнесі кілем бетінде біртіндеп қалыптасқанын көруге болады.

Туынды әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары суретшінің шеберлігі мен жұмыстың ерекше орындалуын атап өтіп, «шедевр», «әдемі шығыпты», «баға жетпес сыйлық» - деген пікірлер қалдырған.

Жақында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді. Енді Әсел Сабыржанқызы өзі жасаған портретті теннисшіге жеке табыстауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін суретші Энрике Иглесиас, Дженнифер Лопес, Джеки Чан, Николь Шерзингер және басқа да әлемге танымал жұлдыздардың бейнесін жасаған.

– Кейбір туындыларымды портретте бейнеленген танымал тұлғалардың өзіне жеке табыстаудың сәті түсті, – дейді суретші.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.