Алматыда «Өмір сүру, сену, сүю» атты халықаралық көрме ашылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрме ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада және АҚШ суретшілерінің 100-ден астам туындылары ұсынылған.
Халықаралық жоба жоғары көркемдік білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін секілді түрлі өнерде шығармашылықпен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктірді.
«Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік. Бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Экспозиция 9 ақпанға дейін жалғасады.
Қаз
Рус






