Бердібек Соқпақбаевтың кітабы түрік тіліне аударылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай түрік тіліне аударылған «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоғлы, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр қатысты.
Іс-шара аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қаз
Рус






