Бердібек Соқпақбаевтың кітабы түрік тіліне аударылды

2 526

ҚР Ұлттық кітапханасында  қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай түрік тіліне аударылған «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс-шараға ТҮРКСОЙ халықаралық  ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоғлы, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр қатысты.


«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару бағдарламасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың көптомдық кітабын екі рет басып шығарып, еліміздің барлық кітапханаларына таратқан болатын. Көрнекті жазушының оқырмандар саны артатыны  қуантады.  Енді олардың қатарын түрік бауырларымыз да толықтырады», – деді Рустам Әли.


Іс-шара аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.