Жазушы Шәрбану Бейсенованың кітаптары түрік тілінде жарық көрді

2 663

Фото: turkystan.kz15 қарашада Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Түркия елшілігінің резиденциясында екі бірдей кітаптың тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» мен «Бозоқ аруы» атты романы түрік тілінде жарық көрді.

Іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу, шетелдік дипломаттар, елордадағы зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қазақ және түркі әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйледі.

Елші Мұстафа Капуджу өз сөзінде түркі әлемінің бірлігі мәдениет пен әдебиет, баспасөз арқылы дамитынын атап өтті. Оның пікірінше, өткен ғасырда жәдиттер қозғалысы тұтас түркі әлемінің бірлігін нығайтуға, мәдени тұтастыққа ерекше әсер еткен.

 Өткен жылы ортақ түркі алфавитінің қабылдануы маңызды қадам болғанын айтқан Мұстафа Капуджу:
Шәрбану Бейсенова, әсіресе, әйелдер туралы шығармаларымен танымал. Ол қазақ қоғамының ежелден келе жатқан құндылықтары мен салт-дәстүрін қайраткер әйел тұлғалар арқылы баяндайтын, тарихтың ізін бүгінге жеткізген әңгімелер жазды. Оның шығармаларында түркі жұртының  тарихи  әйел қаһармандары жиі кездеседі, – деді.

Ал Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Зүлфу Томан екі шығарманың өзегі туралы кеңінен тоқталды.

 Кітаптар үлкен теңіз тамшылары іспеттес, жазушының жан-дүниесін, таным-түсінігінің нақты туындысы ретінде жететін кітаптар, автордың атын мәңгілікке қалдырады. Кітаптар адамзаттың жады және өркениетті қалайтын кірпіш ретінде де қызмет етеді. Өркениеттің дамуы мен сақталуында кітап – ең маңызды еңбек. Кітап – жадты сақтайтын, өркениетті жинақтайтын және ең алдымен адамзат мұхитынан тарап жатқан өзендей ұрпаққа нәр беретін әлемдегі ең құнды байлық. Әр кітап өз саласының мөрі іспеттес. Шығарманы тұтастай бағалайтын болсақ, тарихи сананы жандандырумен қатар, қоғамның ең маңызды іргетасы ретінде әйел затының ұлылығы мен жанкештілігіне аса үлкен назар аударады. Әлеуметтік құндылықтардың ең негізгі тасымалдаушысы ретінде әйелді айрықша атап өткенін көрудеміз. Сондай-ақ, өмірдің қайнар көзі – аналарымыз бен әйелдердің өмір үшін күрес жолында кездескен қиыншылықтар мен жапа шеккендерін де көруге болады. Иә, бүгінгі таңда да әлемде болып жатқан соғыстар мен басқа да қырғи қабақ оқиғалардың әйелдерге көп зардабын тигізгеніне, Шәрбану Бейсенова ханымның өз шығармаларында әйелдер тақырыбына деген ерекше көзқарасымен үлкен қызмет еткеніне куә болып отырмыз, – деді З. Томан.

Шара соңында автор аудармашылар мен баяндамашыларға рахмет айтып, шығармаларды жазу барысындағы ізденістерін әңгімелеп, оқырмандарға қолтаңба берді.