Домбырашылар байқауы өтті

2 337

Фото: Астана қаласының әкімдігіБас қалада «Астана – күй қанатында» атты домбырашы-күйшілер байқауы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Елордада қала әкімдігінің қолдауымен әрі республикалық «Күй анасы» қорының бастамасымен Дина Нұрпейісова атындағы «Астана – күй қанатында» домбырашы-күйшілердің IІ қалалық байқауы өтті, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен байқауда 40 қатысушы бақ сынады, – деп қосты ведомство.

Жалпы, күй байқауы екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең онлайн форматта өтіп, нәтижесінде екінші кезеңге өткен 24 қатысушы анықталды. Олар Құрманғазының бір күйін және Дина Нұрпейісованың бір күйін орындады.

Байқау қорытындысы бойынша, 14-18 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынға Ералы Таупих ие болды. Екінші орын Жазира Ораковаға, ал үшінші орын Қорғасбек Изатуллаға бұйырды. 19-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында бірінші орынды Валерия Бөлекбай алды. Екінші орынды Ділнәр Анарбекова, ал үшінші орынды Ғалымжан Ғаббас иеленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.