Алматыда Жазушылар одағының 90 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтіп жатыр

2 657

Фото:  Мәдениет және ақпарат министрлігіАлматыда Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық торқалы мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мерейтойға Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева, халық жазушылары мен қаламгер қауым қатысуда. Басқосуда қазақ әдебиетінің тарихы сараланып, жеткен жетістіктері мен алдағы бағыт-бағдары айқындалды. Өз сөзінде Ерлан Тынымбайұлы Қазақтың рухани кеңістігінде Жазушылар одағы ұлтты ұйыстырып, әдебиеті дамытып, жас қаламгерлерді тәрбиелейтін іргелі рухани орда болып қала беретінін атап өтті.