Мәскеуліктер «Қыз Жібекті» қазақ тілінде тамашалады

2 661

Фото: 24.kzТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Мәскеуде «ГИТИС – шеберлік сыныбы» атты ТМД елдерінің VІІ театр фестиваліне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Біздің жастар «Қыз Жібек» қойылымын ұсынды. Фестиваль Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жеті бірдей театр мектебін бір сахнаға жинады. Театр фестивалі аясында студенттік қойылымдар, дөңгелек үстелдер және ГИТИС оқытушыларының шеберлік сабақтары өтті. Ұстаздар актер мен режиссерді оқытудың жаңа әдістері туралы пікірлерімен бөлісті. Биыл Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының үшінші курс студенттері ГИТИС сахнасында Ғабит Мүсіреповтің пьесасы желісінде өз қойылымдарын ұсынды. 

Райымбек Әбілғазы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті: - Спектакльде қосарымыз көп, айтарымыз көп. Яғни, студенттік жоба болғаннан кейін студенттердің қолтаңбасы, ойыны сезіледі деп ойлаймын. Ең бастысы, Жазмыш деген кейіпкерді қойдық. Яғни, біздің өзімізден қосылған зат. Фархад Молдағалиден алып. Осы жанрды түрлендіргендей болды.

 «Қыз жібек» спектаклі мәскеулік көрерменге қазақ тілінде сахналанды. 

Асан Мәжіт, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы: - Көрерменге барлығы түсінікті болады деп ойлаймын. Өйткені бұл оперетта болғаннан кейін ән айтылады. Қойылымда болатын оқиға кез келген көрерменге түсінікті болады деп ойлаймын.

 Сонымен қатар фестиваль аясында Қазақ ұлттық өнер университеті «Женитьба» қойылымын ұсынды.