ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне Арман Жүдебаев тағайындалды

1 343

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.


Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

  • 2007-2009 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі.
  • 2009-2011 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.
  • 2011-2013 жылдары — оқытушы; «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.
  • 2013-2018 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері.
  • 2018-2023 жылдары — «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры.
  • 2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


Осы лауазымды бұрын атқарған Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы қызметтен босатылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.