Ашық образдағы Жолдыбаевалар ерлер қауымын естен тандырды

352
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар желіде мінсіз мүсіндерін паш етіп, ерлер қауымын өздеріне қаратты. Арулардың ашық образдары ел арасында қызу талқыға түсті.

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар өз оқырмандарын жаңа суреттерімен қуантты. Бүгінде қос бикеш Түркия елінде демалып жатыр. Олар желіде асқан белсенділік танытып, күн сайын желі қолданушыларына демалыстары қалай өтіп жатқанын көрсетуде. 


Өнер иелерінің әсем жерлерде түскен фото және видеожазбалары көпшілік назарына бірден түсуде. Әсіресе, ерлер қауымы Алтынай мен Кәмшаттың әр жазбасының астына жарыса пікір қалдырып жатыр.


 "Керемет. Екеуің де мін жоқ", "Осындай тым сұлу болу заңды ма?", "Ғашықпын осы қыздарға. Жүректеріңді жаулауға мүмкіндік бар ма?", "Мінсіз ғой мүсіндері", "Недеген фигура. Көзімді аламай отырмын", "Видеоларын қарай бергің келеді", - деп жазуда ер азаматтар. 


Алайда, Жолдыбаевалардың образдары барлығының көңілінен бірдей шыға қоймаған. Кейбір оқырмандар қос арудың тым ашық әрі ерсі киініп алғанына шүйліккен. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.