Димаш Құдайбергеннің есімі Джеки Чан кітабының мұқабасында пайда болды

443

Димаш Құдайбергеннің есімі әлемге танымал Джеки Чан кітабының мұқабасында пайда болды. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Димаш Құдайберген актерді жаңа туындысымен құттықтап, сыйлығы үшін алғысын білдірді.

"Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің "Авангард" фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім 迪玛希 (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе!" - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, 2020 жылы Димаш Құдайберген "Авангард" фильміне саунтрек жазды, ал Джеки Чан бұл фильмде басты рольде ойнады.