"Сене алар емеспін"...

342
Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин әкесінің қазасынан кейін алғаш рет көпшілікпен байланысқа шықты. Өнер иесі асқар тауы әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, оған деген сағынышын жеткізді.

Нұрболат Абдуллин аса әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы онда әкесіне деген махаббаты мен ерекше құрметін білдіріп, енді оның жоқ екеніне сене алмай жүргенін айтты. 

Өнер иесі әкесімен бірге іске асыратын көптеген арманы орындалмай қалғанына күйінді. 

Сонымен қатар, әнші әкесінің өзінің туған күніне жолдаған құттықтауын жариялады. 

"Әкесіз өспедім ғой Аллаға шүкір! Бала боп еркеледім,мейірімін сезіндім, ақылын берді, еңбекке баулыды. Ұлын ұяға,қызын қияға қондырды. Тамаша ана тауып бердіңіз, рахмет әке. Жұбану қиын болғанымен Алла сабыр етуші пендесін сүйеді ғой. Сіз туралы арманым көп еді “әттең-ай!”. Отызыңда дүниеге келген кенже ұлың бүгін 30-ға толды. Бұл құттықтауыңыз енді менің мәңгі жадымда! Жаныңыз жәннатта болсын! Сене алар емеспін, қош әке" , - деп жазды Абдуллин.