Жырау Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті
1 745
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Наурызбек Нұржаубайұлының 90 жылдығына орай Республикалық жыр кеші өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақ ұлттық музыкасының ерекше түрлерінің бірі – жыраулық өнер. Есте жоқ ескі замандарда пайда болып, өз бойына бірнеше өнер түрін тоғыстырған жыраулық өнер өткен ғасырда Бесқала қазақтарының арасында жақсы сақталып қана қоймай, ерекше дамыды. Ал Бесқала жыр мектебінің ірі өкілдерінің бірі – Наурызбек жырау Раманқұлов еді.
Кеште Наурызбек жырау мектебінің өкілдері: Өсербай жырау Сәрсенбаев, Амангелді Сәнкібаев, Әділбек Сарин, Абай Наурызбекұлы, Күнқожа Қайруллаев, Рүстем Батырбаев, Сәуле Жанпейісова, Сәрсенбай Рахманбердиев, Жүзімгүл Рейпназарова, Жақсыбек Барлыбаев, Қармыс Разбаев, Дәмегүл Ізбасарова, Жанар Нұрмұханова, Ғалымжан Жолдасбаев өнер көрсетті.
Өнерпаздарға Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.
Наурызбек Нұржаубайұлы 1931 жылы Қарақалпақстандағы қазақ қауымының арасында дүниеге келген. 13 жасынан бастап жыр, терме айтуға әуестене бастаған. Жас баланың мұндай ерекше қабілетін байқаған жұртшылық оған жоғары баға береді. 17-18 жасынан бастап кішігірім той-жиындарда өнер көрсетеді. Наурызбектің нағашысы Оразбай да елге атағы шыққан жырау әрі палуан, әрі саятшы болған адам. Бойдағы өнердің қалыптасуына осы нағашысы көп септігін тигізеді. Наурызбек Нұржаубайұлы 1991 жылдың күзінде Алматы облысына қоныс аударған. Бұл кезде оның жасы егде тартып қалғандықтан жыраулық өнерін халыққа паш ете алмады. Дарын иесі 1995 жылы дүниеден озды. Жырау туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, бүгінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері Есенқұл Сапуанимен әңгімелескен едік. – Бала күнімізде Наурызбек жырау туралы көп еститінбіз. Кейін жыраудың орындауындағы шығармалар жинақталған үнтаспасын тыңдап жүрдік... – Ұмытпасам, 1957 жыл болса керек. Ол кезде біздің әкеміз Қарақалпақстанның Шоманай ауданы Тельман колхозының шопаны болатын. Жайлауымыз Раушан дариясының аяқ жағындағы Үшқайтпада. Сол Үшқайтпа жайлауында отырған жаз айларының бір күнінде Есенбай досым келіп, «Біздің үйге Наурызбек келді, кеттік біз жаққа» деп асықтырды. Тіпті әке-шешемізден рұқсат сұрау да қаперімізде жоқ, содан Есенбайдың үйіне қарай тарттық. Бұл Наурызбектің жырау деген атағы шыға бастаған кез. Жұрттан естігенім болмаса, оны бұрын көрмегенмін. Қоңыратта тұратын сыйлы ағамыз Ілияспен бірге келіпті. Кенжетай атамыз қой сойып, Ілияс ағамыз оған көмектесіп жатыр екен. Ал Наурызбек киіз үйдің сыртындағы сәкіде домбыра шертіп отырды. Кенжетай атамыздың киіз үйіне 30 шақты адам жиналды. Есік жақта біз отырмыз. Наурызбек көсіліп жырлап отырды. – Наурызбектің жырау деген атағы шығып, жұрт оның өнерін бағалап, өзі өмір сүрген ортасында сыйлы болды. Дегенмен, ол көп дәріптелмеген сияқты... – Нәукеңнің жырлары мені 1969 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетіне жетелеп әкелді. Құдай оңдап, сол жылы оқуға түстім. Жылдар өтті. Университетті бітірген соң Қазақ телевизиясында редактор болып қызмет істедім. Жұмысқа орнығып, өзіме-өзім сенімді болып жүрген 1979 жылдың қыс айларының бірінде Қазақ радиосының ғимаратынан Нәукеңді көріп қалдым. Сәлден соң іздеп барсам, бас редактор, композитор Ілия Жақановтың кабинетінде композитор Әшірхан Телғозиев, әнші Жақсылық Сәрсенғалиев Нәукеңнің таспаға жазылған термесін тыңдап отыр екен. Ертеңіне кеште Нәукең Жақсылықты, Қаламқасты, Әшірханды ертіп келді. Өзім шақырған Ишанбай Қарақұлов пен әдебиет зерттеушісі, ғалым Әнуар Дербісәлин келді. Әнекең сол кезде маған «ХV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ-қарақалпақ әдебиетінің байланысын зертте, өзім жетекші болып, көмектесемін» деп жүрген болатын. Отырысты Ишанбай Қарақұлов басқарды. Сол кештегі әсерді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол кезде қазіргідей бейнетаспалар жоқ. Нәукеңнің дауысын Данил ауылдасымыз магнитофонға жазып алды. Наурызбектің ерекшелігі сонда, ол жырласа шаршамайды. Төрт-бес дастанды жатқа біледі. «Едігені» жырлады. Көпшіліктің сұрауымен ол «Қарасай-Қази» дастанын жиі жырлайтын.