Биыл прокатқа шыққан фильмдер 20 млрд теңге ақша жинады - Серік Әбішев
540
Алматыда қазақстандық киноны дамыту векторы жайлы дөңгелек үстелде «Кинематография туралы заң», отандық киноны прокаттау және ілгерілету, копродукцияға шығу және басқа да кино саласындағы біздің кинематографистерді толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жиында бірінші болып сөз сөйлеген «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Әбішев «Кинематография туралы заңға» қатысты мәселелерге кеңінен тоқталды.
Ол атап өткендей, заң бар, бірақ оның жұмыс істеу тетіктері жоқ.
Продюсер Зарина Кисикова өз кезегінде «Кинематография туралы заң» аясында жұмыс істеуге мәжбүр болған отандық кинематографистердің қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді.
Айдос Сейітжан болса деректі киноның проблемаларын көтерді.
Дөңгелек үстелдің отандық кинопрокат тақырыбына арналған екінші бөлігі одан да қызу пікірталас тудырды.
ҰКҚМО басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов қазіргі заманғы отандық нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы егжей-тегжейлі айтып, проблемалар бар екенін, олардың шешіліп жатқанын және мемлекет тек өндіріске ғана емес, сонымен қатар қазақстандық фильмдерд іілгерілетуге де көп көңіл бөліп жатқанын атап өтті.
Шөкеновтің айтуынша, 2022 жылы (қарашаға дейін) Қазақстанның прокат нарығы 20 миллиард теңгенің деңгейіне жетті, бұл пандемияға дейінгі көрсеткішке жақын.
15 миллион билет сатылды, орташа билет бағасы 1300 теңгенің төңірегінде, бұл негізінен онша қымбат емес.
Ол сондай-ақ мемлекет қаржыландыратын фильмдердің пайда әкеле бастауын ерекше атап өтті.
Мәселен, жергілікті нарықты дүр сілкіндірген «Дос-Мұқасан» 500 млн теңгеден астам қаржы жинап үлгерді.
Шөкенов сонымен қатар отандық кинонарықтың жаңа қатысушысы – Tiger Films компаниясы туралы сөз қозғап, олардың туындылары прокатта тамаша нәтиже көрсетіп жатқанын тілге тие кетті.
Сонымен қатар жас режиссерлер мен продюсерлер кинотеатрлардың фильмді көрсету үшін қомақты сома сұрайтынын және мемлекеттен бұл мәселенің қалай болса да шешімін табуға жәрдемдесуін сұрап отыр.
Осы тұста кинотеатрлардағы зал бөлу мәселесі де қызу талқыланды.
Одан кейін белгілі продюсер Гүлнар Сәрсенова қазақ киносын халықаралық нарықтар мен фестивальдерде ілгерілетудегі тәжірибесін бөлісті.
Сондай-ақ, ол деректі мемлекетімізге фильмдерді, қысқаметражды фильмдерді және анимациялық фильмдерді ілгерілетуге көмектесетін жеке стримингтік платформа ауадай қажет екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің үшінші тақырыбы - фильмдеріміздің халықаралық нарыққа шығуы және копродукция. Бұл жерде Грузия, Франция, Болгария продюсерлері мен қазақстандық Movie Service компаниясының жетекшісі Анна Дармодехина пікір бөлісті.
Барлық қатысушыларды мұқият тыңдаған грузин продюсері Зураб Магалашвили Грузияда да 25 жыл бұрын осындай проблемалар болғанын атап өтті.
Сол кезде оларға Еуропадан, әсіресе Франциядан келген мамандар көп көмектескен екен.
Және де ол шетелдік заңдарға сәйкес келмейтін заңнамалық базасыз копродукция мүмкін емес екенін жеткізіп, сонымен қатар қазіргі кино нарығының проблемаларына тоқталды.

«Жүйе өте күрделі. Мұнда ғылыми көзқарас, зерттеу, талдау қажет. Кино туралы Заң ҚР басқа заңдарымен пысықталуы, басқа министрліктермен байланысы болуы тиіс. Сонда ғана ол нақты жұмыс істейтін болады», - дейді ол.
Продюсер Зарина Кисикова өз кезегінде «Кинематография туралы заң» аясында жұмыс істеуге мәжбүр болған отандық кинематографистердің қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді.
Айдос Сейітжан болса деректі киноның проблемаларын көтерді.
Дөңгелек үстелдің отандық кинопрокат тақырыбына арналған екінші бөлігі одан да қызу пікірталас тудырды.
ҰКҚМО басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шөкенов қазіргі заманғы отандық нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы егжей-тегжейлі айтып, проблемалар бар екенін, олардың шешіліп жатқанын және мемлекет тек өндіріске ғана емес, сонымен қатар қазақстандық фильмдерд іілгерілетуге де көп көңіл бөліп жатқанын атап өтті.
Шөкеновтің айтуынша, 2022 жылы (қарашаға дейін) Қазақстанның прокат нарығы 20 миллиард теңгенің деңгейіне жетті, бұл пандемияға дейінгі көрсеткішке жақын.
15 миллион билет сатылды, орташа билет бағасы 1300 теңгенің төңірегінде, бұл негізінен онша қымбат емес.
«Ең қызығы, осы 20 миллиардтың қырық пайызын, яғни 8 миллиардқа жуығын отандық фильмдер жинаған. Биыл прокатқа шыққан 450 фильмнің 64-і отандық. Бұл фильмдердің жалпы санының 14 пайызы және олар бізге пайданың 40 пайызын берді. Бұл - орасан зор көрсеткіш», - деп атап өтті ол.
Ол сондай-ақ мемлекет қаржыландыратын фильмдердің пайда әкеле бастауын ерекше атап өтті.
Мәселен, жергілікті нарықты дүр сілкіндірген «Дос-Мұқасан» 500 млн теңгеден астам қаржы жинап үлгерді.
Шөкенов сонымен қатар отандық кинонарықтың жаңа қатысушысы – Tiger Films компаниясы туралы сөз қозғап, олардың туындылары прокатта тамаша нәтиже көрсетіп жатқанын тілге тие кетті.
Сонымен қатар жас режиссерлер мен продюсерлер кинотеатрлардың фильмді көрсету үшін қомақты сома сұрайтынын және мемлекеттен бұл мәселенің қалай болса да шешімін табуға жәрдемдесуін сұрап отыр.
Осы тұста кинотеатрлардағы зал бөлу мәселесі де қызу талқыланды.
Одан кейін белгілі продюсер Гүлнар Сәрсенова қазақ киносын халықаралық нарықтар мен фестивальдерде ілгерілетудегі тәжірибесін бөлісті.
Сондай-ақ, ол деректі мемлекетімізге фильмдерді, қысқаметражды фильмдерді және анимациялық фильмдерді ілгерілетуге көмектесетін жеке стримингтік платформа ауадай қажет екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелдің үшінші тақырыбы - фильмдеріміздің халықаралық нарыққа шығуы және копродукция. Бұл жерде Грузия, Франция, Болгария продюсерлері мен қазақстандық Movie Service компаниясының жетекшісі Анна Дармодехина пікір бөлісті.
Барлық қатысушыларды мұқият тыңдаған грузин продюсері Зураб Магалашвили Грузияда да 25 жыл бұрын осындай проблемалар болғанын атап өтті.
Сол кезде оларға Еуропадан, әсіресе Франциядан келген мамандар көп көмектескен екен.
Және де ол шетелдік заңдарға сәйкес келмейтін заңнамалық базасыз копродукция мүмкін емес екенін жеткізіп, сонымен қатар қазіргі кино нарығының проблемаларына тоқталды.
«Заңдарыңызда көп нәрсе Ресейден алынған, терминдер де бірдей. Одан аулақ болуларыңыз керек. Бұл копродукция үшін де маңызды. Мұны мен қинала айтып отырмын, бірақ бұл ащы шындық», - деді ол.