Жаңақорғанда Конституция күні мерекесі тойланды

2 293

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігі29 тамыз күні М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айтулы дата – ел тарихындағы маңызды белес. Себебі Конституция – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық іргетасы, мемлекеттілігіміздің кепілі, қоғам мен билік арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастыратын басты құжат.

КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Салтанатты жиында аудан әкімі Мажит Самитов сөз алып, барша аудан тұрғындарын Ата Заңның 30 жылдығымен құттықтады.

– Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын аса маңызды құжат. Оның басты тірегі – халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтар. Бүгінде Ата Заңымыздың арқасында мемлекетіміз орнықты дамып, экономикамыз өрлеп, азаматтардың әл-ауқаты артып келеді, – деді аудан басшысы.

ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛ ЕСІНДЕ

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала қызметкерлері алғыс хаттармен және мерекелік марапаттармен марапатталды. Бұл – ел дамуына аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі.

АНТ ҚАБЫЛДАҒАН ЖАС МАМАНДАР

Салтанатты жиынның тағы бір маңызды сәті – мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандардың ант қабылдау рәсімі болды. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына адал болуға, елге қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

Бұл – жас буынның ел тағдырына деген жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік қызметке деген сенім мен құрметтің айғағы.

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ, ПАТРИОТТЫҚ РУХ

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сахнада рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, елдік пен бірлікке үндеген мазмұнды қойылымдар қойылды. Жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

30 жылдық межесі – еліміздің жеткен жетістіктерін саралап, болашаққа тың серпінмен қадам басатын кезең. Аудан көлемінде өткен бұл мерекелік іс-шара – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын дәріптеп қана қоймай, ұрпақты елжандылық пен заңға деген құрметке тәрбиелеудің үлгісі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.