Сүйікті фильмін қайталап көре берген жігіт әлемдік рекорд орнатты

382
АҚШ тұрғыны сүйікті фильмін қайталап көре беруінің арқасында әлемдік рекорд орнатты.

Рамиро Аланис "Мстители: Финал" фильмін ерекше ұнатқаны соншалық, оны кинотеатрдан бір емес 191 рет көрген. 

Флорида штатында тұратын азаматқа бұл рекордты орнату қиынға соқпаған. Себебі, Рамиро өзіне қатты ұнайтын фильмді қайталап көре бергеннен ерекше күйге бөленеді екен. 

Десе де, бұл рекорд үшін Рамироға барлық бос уақытын сарп етуге тура келген. Ол, тіпті достарымен және туыстарымен сөйлесіп-араласудан қалған. Оның үстіне әдеттегідей жаттығу залына да бара алмапты. Салдарынан салмақ қосқанын да жасырмайды. 

Соған қарамастан, Рамиро рекорд орната алғанын мақтан тұтады. Бүгінде оның қолында Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын ресми сертификат бар.