Министр Дәурен Абаев 1 млн долларға кинофестиваль өткізгелі жатыр

223
Министрдің бұйрығымен «Еуразия» кинофестивалін өткізу үшін мемлекет қаражатынан 1 миллион доллар жұмсалатын болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің
telegram арнасында хабарлады.

Министрлік конкурс жарияламай, орындаушыны таңдап алып, онымен мемлекеттік сатып алусыз келісім-шартқа отырған.



Ал келісімге мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жараспаев қол қойды.

Жазда мәдениет және спорт министрлігі іс-шараны ұйымдастыру үшін ашық конкурс өткізгенімен, шындыққа жанаспайтын шарттар қойып, алты әлеуетті өнім беруші де біліктілік талаптарына сәйкес келмеді. Ал қарашада бір-екі күнде миллион доллардың лоты тендерсіз мердігерге кетті, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.