Жамбыл атындағы филармония 90-маусымын жапты

2 509

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіЖамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Во имя музыки» атты концерт өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, филармония осы концертімен өзінің 90-маусымын жапқан.

Кеште филармонияның солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен мемлекеттік наградалардың иегерлері өнер көрсетті. Концерт барысында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер, сондай-ақ әлемдік классиканың бірегей туындылары шырқалды. Концертте көрнекті композитордың өмір жолы, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған көрме өткен. Осылайша, «Во имя музыки» концерті филармонияның мерейлі 90-концерттік маусымын қорытындылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.