СҚО-дағы ауыл мұғалімі домбыра үйренуді жеңілдеткен жаңа үлгі ойлап тапты
Солтүстік Қазақстан облысында инженер-ұстаз Берік Аманжол ұлттық өнер мен заманауи технологияны үйлестіріп, ерекше домбыра құрастырды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Берік Аманжол Аққайың ауданындағы У.М.Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінде математика және информатика пәндерінен сабақ береді. Бұған дейін Петропавлдағы зауыттардың бірінде инженер болып еңбек еткен жігіт осы білімін кейін мектепте пайдаға жаратқан.![]()
Домбыра бір айдың ішінде дайын болған. Ұстаз оқушысымен бірге өнер табысын ғылыми жобалар байқауында қорғады. Жақында аспапқа патент те алды.
Домбыраның пернелерінде жарықдиодты шамдар орнатылған. Сондай-ақ басқару пульті бар. Қазір аспаптың бағдарламасына төрт шығарма - Әнұран, «Көзімнің қарасы», «Би күйі» және «Кузнечик» шығармалары енгізілген.
Қазір оқушылар аспапты үйлеріне кезекпен алып кетіп, үйде де өздігінен жаттығып жүр. Мектеп мұғалімдері де қызығушылық танытқан.







