35 жасқа дейінгі ақын-жазушылар Президенттік сыйлық алуға өтініш бере алады

2 012
Жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа енді 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



«Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

Өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындылары бар, қазақстандық әдебиетті дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар жас жазушылар мен ақындар Президенттік сыйлыққа үміткер бола алады, - деп жазылған.

Айта кетейік, бұрын бұл сыйлық 29 жастан аспаған азаматтарға берілетін.

Өтініш жолдау үшін жас жазушылар мен ақындар 30 маусымға дейін уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

- Президенттік сыйлық алуға өтінім;
- үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
- Қазақстан Жазушылар одағының Президенттік сыйлыққа үміткерге шығармашылық мінездемесі;
- Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі;
- екінші деңгейдегі банкте банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;
- үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар.

Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, енді «Дарын» жастар сыйлығына да 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.