Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды

385
Елордада күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші орнатылды. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Жас Батыр» спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Ескерткіш Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжі аумағында орнатылды.

Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен бірқатар спорт және қоғам қайраткері қатысты.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 5,7 метр (тұғыры - 2,2 метр, мүсін 3,5 метр). Авторлары – Жалын Бауырқан, Болатбек Салаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.