Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары күйеуінің өліміне қатысты сұрақтарға жауап берді
Сазгер Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы композитордың өлімі жөніндегі сауалдарға “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айсұлудың айтуынша, күйеуі туралы тараған “жертөледе көз жұмды” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол оқиғаның нақты қай жерде болғанын өзі айтып берді.
Айта кетейік, композитор Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында қайтыс болды. Ал өткен жылдың қазан айында марқұмның ұлы да көз жұмды. 2024 жылғы 7 қазанда оның денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған еді.







