Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары күйеуінің өліміне қатысты сұрақтарға жауап берді

2 547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Коллаж KYN.KZСазгер Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы композитордың өлімі жөніндегі сауалдарға “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айсұлудың айтуынша, күйеуі туралы тараған “жертөледе көз жұмды” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол оқиғаның нақты қай жерде болғанын өзі айтып берді.

“Маған Калелхан Иманмәди қоңырау шалып, ‘Арманның жағдайы нашар, зауытқа тез жетіңіздер’ деді. Не болғанын сұрағанымда, ‘Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам келіңіздер’ деп айтты. Біз зауытқа жеткенімізде, жедел-жәрдем сыртта тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен бірге екінші қабатқа көтерілдік. Арманның бетін жауып қойғанын көрдім. ‘Не болды?’ деп сұрағанымда, жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Ол жертөледе көз жұмған жоқ. Бұл – ресми тіркелген дерек. Зауыт екі қабатты, оның ішінде студия да жоқ. ‘Арман бұл жерге не үшін келді?’ деп сұрадым. Олар ‘Балалармен бірге таң намазына дәрет алған, кейін балалар сапқа тұрған кезде, ағасының тұрмай, диванда жатқанын көрген. Оятқанда тұрмаған’ деп түсіндірді”, – деді ол.

Айта кетейік, композитор Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында қайтыс болды. Ал өткен жылдың қазан айында марқұмның ұлы да көз жұмды. 2024 жылғы 7 қазанда оның денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған еді.      

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.