«Рухтастар» жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды

2 504

Өтінімдер  7 желтоқсанда, яғни бүгін басталып, 14 желтоқсан күні аяқталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Ыстық қайрат», «Жылы жүрек», «Нұрлы ақыл» атты Ұлы Абайдың адам бойында болуы ең негізгі керек қасиеттерді жинап, жастар сыйлығында номинация ретінде биыл екінші рет ұсынылмақ. Сыйлықтың ұйымдастырушылары болып табылатын «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар бүгін әлеуметтік желілерде сыйлыққа өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы жариялады.


«Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасының орынбасары Ақерке Искандерованың айтуынша, жыл сайын байқауға қатысамын деуші үміткерлер саны артуда.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жалынды жастарды жинайтын сыйлық биыл 8 номинациядан құралмақ:


1. «Ыстық қайрат» еңбек адамы;

2. «Жылы жүрек» жыл волонтері;

3. «Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым;

4. «Қайсар» жыл батыры;

5. Жылдың әлеуметтік жобасы;

6. «Белсенді рухтас» жыл белсендісі;

7. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік бөлімшесі;

8. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік филиалы.


Тиісінше, әр номинация жеңімпазы Жастар қанаты дайындаған арнайы ақшалай  сыйлықтарға ие болады.




Жастар сыйлығына өтінім беру Jastarruhy.kz  ресми сайтында «Google forms» арқылы қабылдануда. Сондай-ақ, өтінім беру ережелерімен «Жастар Рухы» Telegram арнасынан танысуға болады.