Ясауи кесенесінің аумағына кіру тәртібі өзгерді

2 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейіМәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру тәртібі өзгертілген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының хабарлауынша, 15- ші ақпаннан бастап кесене аумағы қоршалып, келушілердің кіруі арнайы орнатылған турникеттер арқылы жүзеге асырылады.

Бұл шара киелі нысанның сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру, террористік сипаттағы ықтимал қауіптердің алдын алу, сондай-ақ келушілер қозғалысын реттеу мақсатында енгізіліп отыр. Енді келушілер кесене аумағына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік тексерісінен өткеннен кейін ғана кіре алады, – делінген хабарламада.

Мекеме өкілдері енгізілген өзгерістер аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейтуге бағытталғанын атап өткен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.