Құрбан айтқа орай қалай демалады?
2025 жылғы маусымда қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтеді. 6 маусым (жұма) – Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі редакция сауалына ресми жауапта мәлімдеді.
Сонымен қатар, ведомство Құрбан айт діни мейрам болғанымен, ол мерекелік, бірақ мемлекеттік емес мерекелер қатарына кіретінін еске салды. Бұл дегеніміз – мемлекеттік мерекелердегідей демалыс күндерін ауыстыру бұл жағдайда қолданылмайды.
Қаз
Рус






