Құрбан айтқа орай қалай демалады?

2 272

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото ©️ Турар Казангапов2025 жылғы маусымда қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтеді. 6 маусым (жұма) – Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі редакция сауалына ресми жауапта мәлімдеді.


"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Құрбан айт мерекесі 6 маусымға сәйкес келеді. Осылайша, биылғы 6 маусым (жұма) демалыс күні болып есептеледі", – деп хабарлады министрлік.


Сонымен қатар, ведомство Құрбан айт діни мейрам болғанымен, ол мерекелік, бірақ мемлекеттік емес мерекелер қатарына кіретінін еске салды. Бұл дегеніміз – мемлекеттік мерекелердегідей демалыс күндерін ауыстыру бұл жағдайда қолданылмайды.


"Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағына сәйкес, мұсылман күнтізбесіне сәйкес атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып саналады. Алайда ол мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді", – деді министрлік.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.