TikTok мектебі ашылады

2 973

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАлматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен креативті жастарға арналған TikTok мектебі ашылады,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Оқу бағдарламасы екі айға жоспарланған және аралас форматта өтеді. Сабақ жартылай онлайн, жартылай офлайн форматта ұйымдастырылады. Курсты TikTok саласының маманы, әлем бойынша аудиториясы  23 миллионнан аса оқырманы бар блогер жүргізеді. Оқу барысында жастар TikTok трендтерімен, платформаның алгортимдерімен, сторителлинг негіздерімен, түсірілім және монтаж әдістерімен танысады. Сонымен қатар жеке бренд қалыптастыру мен аудиториямен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасында атап өткендей, жоба жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және оларды заманауи цифрлық индустрияларға тартуға арналған тиімді алаң болмақ.

Өтінімдер 6 маусымға дейін қабылданады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.