Тарихшы-ғалым "Қара жорға - қазақтың биі емес" деді
635
Әлеуметтік желіде Гүлнәр Меңдіқұлова есімді тарих ғылымдарының докторы "Қара жорға – қалмақтың биі" деген пікір айтты. Ол бұл биді халқа-мұңғұлдар мен қалмақтардың ұлттық биі деп есептейді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Facebook қолданушы аталмыш ғалымның "Қазақта ондай би жоқ. Қалмақтың бұл биі мезі етіп біткенімен қоймай, енді оны Түркістан мазарларының фонында билей бастады" деген бейнебаянын жариялады.
Дүниежүзілік тарих кафедрасының профессоры, "Қазақ диаспорасының тарихы" атты кітаптың авторы Гүлнәр Меңдіқұлова осындай тұжырым жасайды.
Биді 1995 жылы Шығыс Түркістаннан оралман Арыстан Шәдетұлы Қазақстанға әкелген. Шыңжаңда қазақ мектептерінде бұл биді өткен ғасырдың ортасында қытайлар мектеп бағдарламасына енгізген. Сол себепті елге сырттан келгендер оны "ұлттық би" деп есептейді,— деді профессор Меңдіқұлова.
Одан әрі ғалым бұл бидің халқа-мұңғұлдар мен қалмақтар арасында кеңінен тарағанын, ал қазақ мәдениетінде басқа да ән мен күйдің жеткілікті екенін алға тартады.
"Қара жорға" деп жүрген би халқа-мұңғұлдарда "биелгээ" немесе қалмақтарда "товшур" деген атпен кеңінен танымал. Жоңғар мәдениетін насихаттағанды доғару керек. Бұл бейбастықты тоқтататын кез келді, — деп кесіп айтты ол.