Қызылордалық түлектер жас маман атанды

1 577

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты Қызылорда ашық университеті және Қызылорда жоғары  көпсалалы колледжінің түлектеріне диплом тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түлектерге үлкен өмір жолында ақ тілегін арнаған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбең сіңірген қайраткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов білім ордасының ширек ғасырлық тарихында жеткен жетістіктеріне  тоқталып өтті. Заманауи талаптарға сай сандық-инновациялық технологиялар меңгеріліп, отандық және шетелдік Ресей, Оңтүстік Корея, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан университет педагогика, ауылшараушылығы, технология, құқықтану, экономика, инженерия, өнер бағыттары  бойынша жоғары білімді, білікті мамандар дайындауды жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда университетті 360-тан астам, колледжді 230-дан астам түлек тәмамдап отыр.


Салтанатты кеш қонақтары Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, Қазақстанның Еңбек Ері Ералиев Абзал Жұмашұлы, Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, ардагер ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор,  Қызылорда қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Таупбаев Сұлтанбек Таупбайұлы, Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы,  филология ғылымдарының кандидаты,  «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы, білім ордасының жұмыс берушілері -  «Ақмар И К» ЖШС директоры Қожабеков Марат Сматұлы – ҚР құрметті құрылысшысы, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, «Jusan bank» облыстық филиалының директоры Цой Роман Данилович, Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлары, университеттің белгілі түлектері бітірушілерге диплом табыстап, сәтті сапар, ақ жол тіледі.