«Мектепке жол» акциясы

247

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіБиылғы балаларға арналған жылда бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi. 


Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. 
 

Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез-келген адам көмектесе алады. 


Ағымдағы жылғы 13 тамызда Балалар жылына орай Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында және 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қайырымдылық веломарафоны ұйымдастырылды.

2022 жылғы 23 тамызда Қайырымдылық веломарафонынан түскен қаржыға Қызылорда қаласындағы «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық қоры жанындағы “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін «Қамқорлық» дағдарыс орталығындағы” 5 әйелдің мектеп жасындағы 14 баласына киім-кешек сатып алынды.   


Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері балаларға қажетті мектеп формаларын-киімдерді балалардың аналарына  тапсырды. Қызылорда облысы ТЖД ұжымы осындай қайырымдылық іс-шараларына әрдайым белсене атсалысады.

Қызылорда облысы ТЖД