Колледж студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі сақтандырылады

2 539

Фото: freepik.comКолледж студенттерін кәсіпорындарда практикадан өту кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру жағы қаралып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және кәсіпорындарды (ұйымдарды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базасы ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шартқа сәйкес, практиканы өткізу мен шарт жасасуды регламенттейтін 35-тармаққа өзгеріс енгізілмек. 


«Кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыны жазатайым оқиғалардан сақтандыру ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен ерікті түрде жүзеге асырылады», - делінген бұйрық жобасында.


Аталған өзгеріс Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкімінің жобасына сәйкес жүргізіледі.


Бұйрық жобасы 2023 жылғы 14 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.


Еске сала кетсек, 23 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.