Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындық ойлап тапты

2 551

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынанҚызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындықтар ұсынуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өрікбай Саят - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Ол жас болса да білім алушылар мен оқытушылардың жағдайын жеңілдететін жоба авторы. Саяттың бұл жобасы бүгінде университет ғимаратының алдында студенттерге қызмет етуде.


"Менің жобам студенттерге таза ауада емін-еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жобаны әзірлеуге 1 жыл уақытымды арнадым. Ең алдымен темір каркас пен ағаштан орындығымыздың дизайнын жасап, Алматы қаласынан күн сәулелерін қабылдайтын қуаттағыш, порт секілді бөлшектерді алдырттық", - деді ол.


Жас ғалым бүгінде оның жобасына қаладағы мектептер мен оқу орындары қызығушылық танытып, ұсыныс жасап жатқанын айтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.