Еліміздің оқырмандарына арналған қоғамдық кітапхана ашылды
Елордадағы Maqsyt Narikbayev университетінің қабырғасынан «Public Library» атты қоғамдық кітапхана ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Public Library қорының сыйымдылығы 13 мың кітапқа дейін жетеді. Мінбердегі бірінші залда қазақ тіліндегі әдебиеттер, қазақ авторлары, әлемдік бестселлерлердің қазақ тіліне аудармалары, сондай-ақ Қазақстан туралы шет тілдеріндегі әдебиеттер орналасқан.
Жалпы кітап адамның ішкі дүниесінің, ой-өрісінің білімін кеңейтіп, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек. Ал қоғамның әл-ауқаты, даму деңгейі білімге тікелей байланысты. Қазіргі саяси-экономикалық жарыста көш бастап, әлемдік аренада жетекші орын алу үшін қоғамға рухани дамуға, білім мен ғылымға жетелейтін қолайлы орта ұсыну керек, - деді Maqsyt Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Айта кетейік, кітапхананың ашылу салтанаты Астана Халықаралық қаржы орталығының сот өкілдері мен Халықаралық төрелік орталығының қазіргі төрағасы Томас Крюммельдің және орталықтың бұрынғы төрағасы Барбара Доманнның Қазақстанға сапары аясында өтті.
Жалпы ЖОО-дағы қоғамдық кітапхана – таңсық ұғым емес. Мәселен, New York University, Harvard, Stanford сияқты әлемнің жетекші университеттерінде қоғамның қолдануына ұсынылған кітапханалар бар.
Maqsyt Narikbayev University-де ашылған Public Library кітапханасына Астана қаласының кез келген тұрғыны мен қонақтары бара алады.