Елімізден Google for Education жобасына қанша мектеп қатысады

2 149

Фото: furo.kzҚазақстанда Google for Education экожүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл бастама Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен Google компаниясы арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. ҚР Оқу-ағарту министрлігі жобаға қолдау көрсетеді. 

Жобаның алғашқы кезеңінде еліміздің 16 аймағынан 20 ауылды жердегі мектеп экожүйеге қосылады. Ал олардың 5-еуі алдағы үш жылда Google Reference School мәртебесін алады. 

Сондай-ақ жобаға қатысатын әр сынып Google for Education платформасына қол жеткізе алады. Платформа бірнеше мүмкіндікке жол ашады: 

· Google Classroom, тапсырмалар, оқу процесін ұйымдастыруға арналған технологиялар;

· BigQuery және Looker Studio аналитикалық жүйелері;

· Gemini AI – тапсырмаларды жасау және мәтінді тексеруге бағытталған жасанды интеллект; 

· Оқу нәтижесін арттыру үшін құжаттарға, кестелерге, сайттарға, бейнелерге, AppSheet-ке және басқа құралдар. 

Жоба аясында 200-ден астам мұғалім оқытудан өтіп, Google Educator халықаралық мәртебесіне ие болады. 

"Google for Education ұстаздарды алмастырмайды. Ол оқу процесін автоматтандыруға көмектеседі, оқу контентін құру процесін жеңілдетеді, тапсырмаларды дайындау мен тексеруге уақытты үнемдейді, оқытуды жекелендіреді және білім беру процесінің барлық қатысушының цифрлық құзыреттерін кеңейтеді.", - деп атап өтті Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры өкілдері.