Бүгін - ұстаздар мерекесі

2 408

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздарды Мұғалімдер күні мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Үкіметі биыл 10 наурызда ұстаздар мерекесінің нақты күнін белгілеу туралы қаулыны қабылдаған болатын.


Сіздерді төл мерекеміз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Еліміздегі миллиондаған жас өрен өздеріңізден тағылымды тәрбие, өнегелі білім алып, үлкен өмір жолына қадам басады. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.


Сіздерге зор құрметпен шынайы алғысымды білдіремін. Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулитын – сіздерсіздер. Құрметті әріптестер, бұл маңызды да күрмеуі қиын жолдағы шешуші рөл сіздерге ғана тиесілі!


Биыл алғаш рет педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні 5 қазанға бекітілді. Бұл мереке ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық иелерін біріктіре түсері сөзсіз.


Бүгінгі таңда еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауымен 2019 жылы маңызды мәселелердің бірі – педагог мамандығына ерекше мәртебе беру туралы шешім қабылданды, - деді Ғани Бейсембаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.