Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін

2 508

Фото: islamnews.ruОқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваайтты, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агеттігі.

Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отыратын үлкен комиссия бар, – деп жауап берді министр.

Министрдің айтуынша, елімізде бірыңғай мектеп формасының стандарттары бар. Сонымен қатар білім берудің зайырлы сипатын қатаң сақтау қажет.

Ведомство басшысы өткен жылы жеке мектептерде мұндай жағдайлар кездескенімен, биылғы оқу жылында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін, бірде-бір мектептің хиджаб киюге жол бермей отырғанын атап өтті.

Сүлейменова егер жекеменшік мектеп хиджаб киюге рұқсат беретін болса, лицензиясынан айырылатынын қатаң ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.