Маңғыстаулық мұғалімді әжетханаға барғаны үшін жұмыстан шығарған
Танымал белсенді педагог Айман Сағидулла өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында маңғыстаулық мұғалімнің басынан өткен масқара жағдай туралы жазба жариялаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстауда бір мұғалімді педкеңес кезінде дәретханаға барғаны үшін жұмыстан шығарыпты. Қазір сот жүріп жатыр.
Мектептің ішкі ережесіне сәйкес. Директордың қолшоқпардары, әдеп кеңесі қосымша болыпты.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! Мен жазбасам да тауып ала аласыз.
Себебі, дәл бүгін, дәл қазір сот болып жатыр. Нақты мәлімет.
Мұғалімнің дәретханаға кірген, ешқайда бұрылмай педкеңеске қайта оралған видеосы да бар.
Осындай директорларды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?
Дәретхана биологиялық қажеттілік. Оған кім қарсы шыға алады?
Жай ғана айтарға сөзім жоқ.
Енді дәретхананы да заңға қосуымыз керек пе? Ұят тірлік мынау.
Жұлдыз ханым! Мына мәселені анықтап , директорды жұмыстан шығарыңыздар.
Егер мәлімет келсе, мен жариялайтын боламын.
Мен тек шын мәліметті жариялаймын. Бұл ешқандай жалған ақпарат емес. Тек құжаттарын күтіп отырмын. Солар келсе, қайта жариялаймын", -деп жазды Айман Сағидулла.
Аталған жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызатыны сөзсіз. Алайда мәселенің ақ-қарасын нақты құжаттар мен
сот материалдарына сүйене отырып анықтау қажет. Мұғалімнің жұмыстан босатылуына қандай себеп болғаны, мектептің ішкі тәртіп ережелерінде мұндай талаптың бар-жоғы және қабылданған шешімнің қолданыстағы еңбек заңнамасына қаншалықты сәйкес келетіні жан-жақты тексерілуі тиіс.
Сондықтан тиісті білім беру және еңбек саласының жауапты органдары бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізіп, барлық тараптың уәжін тыңдап, нақты құқықтық баға бергені жөн. Егер қызметкердің құқығы бұзылғаны анықталса, оған қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдануы керек.
Ең бастысы – әлеуметтік желідегі ақпаратпен шектелмей, істің нақты мән-жайын ресми құжаттар мен сот шешімі негізінде анықтау. Осы жағдайға қатысты ашық әрі әділ тексеру жүргізіліп, қоғамға нақты ақпарат берілуі қажет.
Қаз
Рус






